Мереке Калбаева - Татти


Казахские песни
05-10-2020
Слушать
Скачать
Текст песни
Балапаным байлығым
Шуақ шашқан ай-күнім
Жаралғандай пейіштен
Әппақ менің періштем
Анасының жүрегі
Еркелейді күледі
Қуантады әкесін
Тәй-тәй басып жүргені

Тәтті-тәтті, тәтті-тәтті
Менің балапаным тәтті
Жарасады өзіне
Қылықтары қатты-қатты
Сенсіз осы күнге дейін
Қалай таңым атты-атты
Күтіп жүрдім қанша жыл
Осы сәтті тәтті сәтті

Шаңырақтың шырағы
Әжесінің жыр әні
Атасының таусылар
Көрмесе сәт шыдамы
Тәңірімнің сыйысың
Масайтады иісің
Бар қазаққа тілерім
Сендей тәтті бұйырсың

Тәтті-тәтті, тәтті-тәтті
Менің балапаным тәтті
Жарасады өзіне
Қылықтары қатты-қатты
Сенсіз осы күнге дейін
Қалай таңым атты-атты
Күтіп жүрдім қанша жыл
Осы сәтті тәтті сәтті