Каракат Абилдина - Багала


Казахские песни
16-07-2022
Слушать
Скачать
Текст песни
Жан бағы көктем, жан жолдас еткен,
Сұлулык деген тылсымды.
Жүрегі таза, тілегі таза,
Қыз жаны нәзік гүл сынды.

Жат жерге барып ақ жаулық тағып,
Айналар ертең анаға,
Қыз деген ана, ана деп қана,
Бағала оны бағала

Бағыңа бала, таңыңа бала,
Еліктей сұлу еркені.
Қарлығаш құсым, қыз жанын түсін,
Күн кешкің келсе ертегі.

Жат жерге барып ақ жаулық тағып,
Айналар ертең анаға,
Қыз деген ана, ана деп қана,
Бағала оны бағала

Қылығы балдай
Нұр жүзі таңдай
Бақытты етер сізді әлі
Бауырлас маған, қарындас саған
Қазақтың барша қыздары

Жат жерге барып ақ жаулық тағып,
Айналар ертең анаға
Қыз деген ана, ана деп қана,
Бағала оны бағала