Акбота Керимбекова - Устазым


Казахские песни
02-10-2020
Слушать
Скачать
Текст песни
1. Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын
Есімде, әліппені жаттатқызып
Ең алғаш қолға қалам ұстатканың.

Қайырмасы:
Ұстазым менің ұстазым
Өзіңмен өткен қыс жазым
Қалдырған ізің мәнгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым менің ұстазым.

2. Зердемді сен ашпасаң не етер едім
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын ашып
Қияға қызықтырып жетеледің.

Қайырмасы:
Ұстазым менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс жазым.
Қалдырған ізің мәнгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым менің ұстазым.

3. Өзіңнен өмірге азық ала бердім
Ұшырып мені алысқа қала бердің
Бойымда отың кетті ұшқын атқан
Келеді жана бергім жана бергім.

Қайырмасы:
Ұстазым менің ұстазым
Өзіңмен өткен қыс жазым
Қалдырған ізің мәнгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым менің ұстазым