Adil - Октай атылам


Казахские песни
28-11-2022
Слушать
Скачать
Текст песни
Бәрі болады, бәрі келеді,
Өзің көресің, бәрін алып беремін.
Қалтамда қазір болмаса да көк тиын,
Арманым бар ұмтылысым сол керек аее
Уайымдама жаным, мені жеткілікті сүйгенің
Менің бұрыңғы өмірім сенсіз өткенін
Қайғы келсе ұста қолымнан
Бәрі дұрысталады, көресің соңында
Сен маған маңыздысың сары, сары алтыннан
Егер құласам мен қолымды саған созам
Менің сұлуым, ғашығым
Менің бозам
Сенің қолдауыңмен, мен бәрінен озам
Сен маған маңыздысың, сары, сары алтыннан
Егер құласам мен, қолымды саған созам
Менің сұлуым, ғашығым
Менің бозам
Сенің қолдауыңмен мен бәрінен озам

Сен шақырғанда мен оқтай атылам
Бәрібір кім не десе, жаныңнан табылам
Сен менің табылған, алтын-қазынам
Сүйдім жүрегімменен сені расында

Сенің иісің жақын жүрекке
Бірге болсақ, үйде болады береке
Екеумізге керек екі бала, зәулім үй
Сен мейрімді ана, мен әке болам, қабақ түй
Екеуміз біріксек, жер-шарын аралаймыз
Пойызбен, ұшақпен өзіміз қараймыз
Өмірдің сынағына, а біз шыдаймыз
Биікке жетпегенше, ешқашанда тынбаймыз
Сен мені жүресің әрдайым тартып
Жұлдыздар жарқырайды темірқазық
Сен мені сүйгенің ол қандай бақыт
Болашақ балаларымның анасы
Сен мені жүресің әрдайым тартып,
Жұлдыздар жарқырайды темірқазық,
Сен мені сүйгенің ол қандай бақыт
Болашақ балаларымның анасы

Сен шақырғанда мен оқтай атылам
Бәрібір кім не десе, жаныңнан табылам
Сен менің табылған алтын-қазынам
Сүйдім жүрегімменен сені расында (2 рет)