Бота Бейсенова - Бак пен кайгы


Казахские песни
03.12.2020
Слушать
Скачать
Текст песни
Қайғы шексең қапаланба жасыма
Бақыт қонса ұшпайтындай тасыма

Екеуіде еншің сенсің екенде
Кезек кезек келіп тұрар басыңа

Бақыт көппе қайға көппе жалғанда
Көрерсіңде құдай басқа салғанда

Бір қарасам бүкіл тірі бақытты
Бір қарасам бүкіл адам арманда

Бақ пен қайғы көздің ақпен қарасы
Білінбейді қайда жігіт анасы

Бақытта бар қайғыда бар бір баста
Білінбейді қайда жігіт анасы

Бақытта бар қайғыда бар бір баста
Басқа етуге ешкімнің жоқ шарасы

Білу қиын бір адамның басында
Қаисысы көп қайсысы аз расында

Қарқылдаған күлкіде де қайға бар
Бақыт тұрар кейде көздің жасында

Кім тоқтатар тіршіліктің ағысын
Кім өзгертер қос ішектің қағысын

Байғустың да сəттері бар бақытты
Байлар дыңда жылайтыны тағы шын

Өмір осы жоқ дейсің кімде арман
Жан жоқ жəне бар бақыттан құр қалған

Бақыт балдай қайғы у- дай болғанмен
Екеуиненде тұрады екен бұл жалған