Зангар Нуртас - Махаббат вальси


Казахские песни
13-12-2020
Слушать
Скачать
Текст песни
Орындалғанда арманымыз
Билейік әсем әуенге баяу ырғалып
Тек бақыт тілеп жан жағымыз
Біз үшін түрлі түсті жарық тұр жанып
Қарайсың төмен күлімсіреп
Бақыттың жырын ойнап мөлдір көзінде
Беліңнен ұстап бірінші рет
Еріп кеттім менде тәтті сезімге

Қайырмасы
Махаббат вальс вальс вальс вальсін
Билейік бірге тыңдап жүрек қағысын
Ырғалып билеп бір бірін сүйген
Қос жүрек сыңарларын жақын танысын

Бақытқа толы күйімізді
Тоқтатпау үшін әсем әнді өшірме
Алғашқы вальс биімізді
Сақташы жаным мәңгілікке есіңде
Ғажапқа толы тағдырымыз
Шаттықтың алау отын бірге жағамыз
Осылай өтіп әр күніміз
Ешқашан солмасын біздің арамыз

Қайырмасы
Махаббат вальс вальс вальс вальсін
Билейік бірге тыңдап жүрек қағысын
Ырғалып билеп бір бірін сүйген
Қос жүрек сыңарларын жақын танысын