Рыскелди Жайылхан - Актриса


Казахские песни
13-12-2020
Слушать
Скачать
Текст песни
Махаббатым менің кинодағы
Өмірімнің өзің сыйлы адамы
Көрген сайын сені көз қуанып
Бірақ жүрек құрғыр қиналады

Қасты керіп, төккен шашты белге
Сендей сылқым жоқ-ау ешбір елде
Мен режиссер болсам ойланбастан
Ойнатар ем сені басты рольде

Қ/сы:
Көргенімде сені экраннан
Жүрегімде сезім оты жанған
Маған енді саған жету арман
Актриса

Көре бермей сені кинолардан
Көзбен көріп роза сыйлау арман
Сұлулықтың бәрін жинап алған
Актриса

Келбетіңді қалдым сүйіп керім,
Сен жанымда болсаң биіктемін.
Өміріме серік болсаң шіркін
Өнердегі үздік кейіпкерім

Көркем жансың келін болар үйге
Армандаймын соны мен әрине
Орындалар бәлкім сол арманым
Маңдайдағы жазса сценарийге