Dudeontheguitar, Monro - Tugan Jer Tolgauy (Almaty Symphony Orchestra) (prod. by ARLENNON)


Q-Pop песни
16-12-2020, 02:00
Слушать
Скачать
Поделись с друзьями:
Текст песни
Tugan Jer Tolgauy
Туган жер толгауы
туған жер толғауы

Шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап?
Жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап?
Көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас
Қайтадан бір қарайыншы анықтап

Бір кездері секілді еді алып тау
Биік төбе аласарып қалыпты-ау
Басындағы әз бабамның бейітін
Енді бүгін қиын боп тұр анықтау

Көрген сайын көңіл кірі аршылар
Әркімнің-ақ туған жері бар шығар
Бірақ маған сенсіз әлем тар шығар
Сағынышым ыстық жас боп тамшылар

Туған жерім – сағынышым сарғайған
Құстай ұшып келем саған шалғайдан
Жібек желің еркелетіп елітіп
Жылы леппен сүйіп жатыр маңдайдан

Шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап?
Жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап?
Көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас
Қайтадан бір қарайыншы анықтап