Аманкелди Сатиев - Асыл жарым


Казахские песни
26-12-2020
Слушать
Скачать
Текст песни
Өзіңмен гүлденеді айналам,
Шырқалар ғашық әнім.
Бақытты жүзіңді нұр жайнаған,
Көруге асығамын.

Айнымас өмірімнің мәнісің,
Әрдайым қасыңдамын.
Мен саған алғыс айтам бәрі үшін,
Сүйікті асыл жарым.

Жаным, жаным, жаным, жаным, жан жарым,
Өмірлік серігім деп таңдадым.
Аялап өтем әркез ардағым,
Осы әнді саған арнадым.

Жаным, жаным, жаным, жаным, жүрегім,
Мәңгілік бір болуды тіледім.
Кеудемді жарып шыққан гүл едің,
Бағым деп сені білемін

Қылығың баурап алар алтыным,
Жібектей мінезіңмен.
Тағдырдың қайталанбас әр күнін,
Көрейін бір өзіңмен.

Жанымыз тапты біздің жарасым,
Адалым, қуанышым.
Тербейтін бесігіңді анасың,
Әлемнің шуағысың.