Мадияр Оспанов - Трактор (жана нуска)


Казахские песни
22-02-2024
Слушать
Скачать
Текст песни
Мен шаруаның адамы едім қарапайым,
Өзіме енді жұрт назарын қаратайын.
Тракторым — жол көлігім, жан серігім,
Әнге салып, жырға қосып таратайын.

Қайырмасы:
Тракторым — қырманымда пана болған,
Айнымайсың сап келгенде дара жолдан.
Мезгіл сайын сен тұрғанда мойын бұрып,
Шақырады мынау — қырат, анау — орман.

Алыс-жақын мекендерді таңдамаймын,
Ауыр-жеңіл міндеттерді талғамаймын.
Жаяу жүрсем, жалғыз қалсам, жабырқасам,
Көз салам да, қол созамын, армандаймын.

Қайырмасы:
Тракторым — қырманымда пана болған,
Айнымайсың сап келгенде дара жолдан.
Мезгіл сайын сен тұрғанда мойын бұрып,
Шақырады мынау — қырат, анау — орман.

Тракторшы болғаныма «тәубә» етемін,
Жақын тартам моторыңдай жан бөтенін.
Бар ма бақыт, жанға жақұт сенен асқан,
Сол үшін мен, сені жырлап мәңгі өтемін.

Қайырмасы:
Тракторым — қырманымда пана болған,
Айнымайсың сап келгенде дара жолдан.
Мезгіл сайын сен тұрғанда мойын бұрып,
Шақырады мынау — қырат, анау — орман.