Камар Сулу - Адамша омир суриндер


Казахские песни
27-10-2022
Слушать
Скачать
Текст песни
Сөзі: Жандаос Әлімбетов
Әні: Қыздархан Еркінқызы

Жығылсам жылар мен емес,
Жылатар мені сен емес.
Адамнан алыс надандар,
Сендейлер маған тең емес.

Жазықсыз тілге кінә артып,
Сөйлеме бекер сен артық.
Пендеге мекен жер үсті,
Кетпегің көкке тым шалқып.

Қайырмасы:
Сүрінсем мейлі күліңдер,
Артымнан иттей үріңдер.
Үрді деп бір ит- менде үріп,
Ит болғым келмейд(і) біліңдер.
Арқама сұғып мың пыщақ,
Аз болса тағы тіліңдер.
Сендерге бөлер уақыт жоқ
Өсектеп мейлі жүріңдер
Сендерге айтар бірақ сөз
Адамша өмір сүріңдер.

Ақылың болса басыңда,
Кеудеңді керіп тасынба.
Кір салып өтсең көңілге,
Кім қалар сенің қасыңда.

Бұл жалған бес күн Өмір ғой,
Бастысы таза көңіл ғой.
Адам боп келген Өмірден,
Адамша өту парыз ғой.