Кенес Алимжан - Саусагын жузиксиз


Казахские песни
25-08-2022, 16:27
Слушать
Скачать
Поделись с друзьями:
Текст песни
Үміттер үрейге жеңілген,
Арманның алауы басылған.
Отырмын таба алмай көңілден,
Ақ моншақ күндерді шашылған…

Жап-жасыл жапырақ жас күннің,
Күз келіп ажарын солдырған.
Жалымен алысып тасқынның,
Жігерім жасыған, болдырған.
Қызықтың барлығы қызықсыз,
Қиынның оп- оңай көбісі.
Кездер-ай саусағың жүзіксіз,
Шексіз боп көрінген жол ұшы…

Сағымдар, сағымдар алдайды,
Сонда да ешкімді күт,талма.
Алданар ештеңе қалмайды,
Жалғанның шындығын ұққанда…