Нуржигит Омирхан, Айгерим Мухаметкали, Dancho - Ол сен


Казахские песни
11.05.2024
Слушать
Скачать
Текст песни
Еркелесе сүйген адам
Мен керемет күйде болам
Шын ұнаттым шын ұнаттым бір сені

Еркелесем күлім қағып
Түсінесің сырымды анық
Нәзік мынау бағалашы сезімді

Қайырмасы:
Ол сен
Өмірімде жалғыз
Ол сен
Көңілімде жалғыз
Бірге
Армандарға жетейік екеуміз

Біздер жайлы оқиғалар
Махаббатқа татиды олар
Тек өзіңмен бақыттымын асылым

Сен ардағым қадірлімсің
Бәлкім менің тағдырымсың
Суытпашы махаббаттың жылуын

Қайырмасы:
Ол сен
Өмірімде жалғыз
Ол сен
Көңілімде жалғыз
Бірге
Армандарға жетейік екеуміз

Рэп
Ол сен көзімдегі жанарым
Сен дегенде жүрегім жаралы
Сол жүректің емін қайдан табамын
Қанша күндер сенсіз өтті қарағым
Сені ойлаумен күндерді мен
Санаумен тек боламын
Сол кездерді еске аламын ойланам
Хабарласып мазаңды алып қоймаған
Есту үшін әсем сенің даусыңды
Сағат сайын сөйлесуге тоймаған
Тыңда жаным осы әнімді
Бір өзіңе жолдаған

Қайырмасы:
Ол сен
Өмірімде жалғыз
Ол сен
Көңілімде жалғыз
Бірге армандарға жетейік
Екеуміз

Ол сен
Ол сен
Бірге армандарға жетейік екеуміз
Ол сен ол сен
Ол сен көзімдегі жанарым
Жанарың