Малик Жамбылулы - Тосын сый


Казахские песни
20-03-2021
Слушать
Скачать
Текст песни
Сыйын беріп, сыйлы болып, адамға адам ұнап қалған,
Жүректері жылымаса, жылжи берер жыраққа арман.
Көңілдерді қуантатын тосын сыйлар көп болсыншы,
Өмірдегі тосыннан кеп сүріндірер сынақтардан.

Қ-сы:
Сый алған жанды қара,
Үй алған жанды қара.
Тосын сый қуантады,
Кең көңіл жанды ғана.
Кездейсоқ ештеңе жоқ,
Шүкір де бар мұраңа.
Бəрі де тосын сыйдың,
Жасалған алдын-ала.

Бір құдірет еске түсер сыйлық алған сайын маған,
Өмірдегі жетістікті бақытым деп пайымдағам.
Барлығымыз бұл жалғанға жалға келген тосын сыймыз,
Жарамдылық мерзімімен Тəңір өзі дайындаған.