Дулат Жасузак - Терискей


Казахские песни
05-05-2021
Слушать
Скачать
Текст песни
Байлығы ау жатқан жалпақ қырға сыймай
Кеудесі әнге сыймай,жырға сыймай.
Дәриғай жырға сыймай ау
Күлімдеп ау тұрған менің Теріскейім
Күнгейдің құрдасындай, сырласындай
Дәриғай сырласындай ау

Қайырмасы:

Айхай ау,Теріскей, айналайын, келбетіңнен,келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген ай

Қаратау ай, Келіншектау, Шолаққорған
Қызылкөл босамайды қонақтардан
Дәриғай қонақтардан ай
Қарақұр ау Сарыарқаға сәлем айтар
Қаптаған Қаратаудан бұлақтардан
Дәриғай бұлақтардан ау

Қайырмасы:

Айхай ау,Теріскей, айналайын, келбетіңнен,келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген ай


Заманның көріп білген самғағанын
Самалды Сахарама таң қаламын
Дәриғай таң қаламын ау
Қалқаға Күнгейдегі жетер ме екен?
Шырқата Теріскейден салған әнім?
Дәриғай салған әнім ай