BAQAI - Ким кинали


Казахские песни
04-05-2021
Слушать
Скачать
Текст песни
Ақ қайыңның қасында жігіт пен қыз кездесті
Жігіт ашық мінезді ашып сырлы сөйлесті
Бірін-бірін сүйеді алыс кетсе күтеді
Ақ қайыңның қасында күтеді жігіт бүгін де
Қыз келеді күлімдеп аппақ жүзі үлбіреп
Қыз жігітті құшақтап жалғыз сені сүйем деп
Осылайша ай өтті ай артынан жыл өтті
Күлімдеумен ойнаумен қаншама мақпал түн өтті
Қыз бір күні жігітке маған үйлен тез деді
Тездетпесен жанымау кеш болады кеш деді
Күтпегендей ол жігіт үйленемін демеді
Асығыссың сен неге себебі не себебі
Сонда қыз жылап тұрып мен баланың анасы
Мен де бір ананың жалбыраған баласы
Маған үйлен тез деді
Анама айт ертең деп, күтем сені үйімде мені өзіңмен алып кет
Күтем сені үйімде мен өзіңмен алып кет

Кім кінәлі? Кім кінәлі?

Көз ілмей таң аттты
Таң атқаннан күн батты
Күткен жігіті келмеді
Оған қызда сенбеді
Келе алмай қалған болар
Жанарына жас толар
Келеді сүйгенім деп қатты реңжіп қалар

Күні-түні күйзелді катты ойланып қиналды
Ертең келмесе жігітім өлемін деп жылады
Өте шықты ертеңгі күн өткен өмір ертегі
Өсек мені өлтірді деп өзі талға асылды
Ата-анасы түсінде қайғырып қатты жылады
Баяғы сүйген жігіті қайынмен жалғыз қалады
Қайыңға айтып бар сырын жүректегі жан сырын
Кешіктім мен кешір деп жырын айтып жылады
Кешіккеннің себебі бар неге мені күтпедің
Мұның қалай сүйгенім неге тастап кеткенің
Көз жұмды сол күні ақ сүт берген анашым
Неге былай болды екен айырылдым мен сүйгенімнен
Тағдыр қатты қинады менде үміт қалмады
Кешір мені кешір деп жігіт өксіп жылады
Ақ қайыңның қасына қайта-қайта барады
Әдемі ақ қайыңға суретін қыздың салады

Кім кінәлі? Кім кінәлі?

Ақ қайыңды құшақтап кейде ұйықтап қалады
Қалайша жасым қалайша ауырған жүрек жарасы
Ақ қайыңды құшақтап кейде ұйықтап қалады
Қалайша жасым қалайша ауырған жүрек жарасы

Сұм ажал алып кетті анамды онымен қоса сүйгеніммен баламды
Бұл өмірде жалғыз мені қалдырып
Қатал тағдыр мені қатты қинады
Кім-кінәлі тағдыр ма әлде өмір ме
Кім-кінәлі сезім бе әлде өзім бе
Іздемеймін мен кінәні біреуден
Мүмкін кінәнің бәрі өзімнен
Сүйгеніңе жігіттер кешікпендер
Махаббатты жүректен өшірмендер
Ең жаманы бастысы осы екен
Кешіккеннің тағдыры осы екен
Жігіттер мен қыздар маған күлмеңдер
Жалғыз менің жүрегіме тиіспендер
Алдамаңдар бір-бірінді ешқашанда
Менің көрген өмірімді көрмеңдер

Кім кінәлі? Кім кінәлі?