Islamkhan - Биринши Акпан


Казахские песни
28-01-2024
Слушать
Скачать
Текст песни
Көздерім менің жұмылмайды,
Күтеді таңды арайлап атқан,
Жүрегім менің шырылдайды,
Өйткені бүгін бірінші ақпан.

Бірінші ақпан ілінші ақ таң,
Өмірім бастайын енді жаңа парақтан,
Алғысым шексіз таңыма атқан,
Пендеңе рақым қылагөр өзің Жаратқан.

Өткенім қайта оралмайды,
Жазайын десем қараны ақтан,
Жүрек соғуы оңалмайды,
Өйткені бүгін бірінші ақпан.
Өткенім қайта оралмады,
Білетін едім қәтемді жаттан,
Еш бір күн бүгін бола алмайды,
Өйткені бүгін бірінші ақпан.

Бірінші ақпан ілінші ақ таң,
Өмірім бастайын енді жаңа парақтан,
Алғысым шексіз таңыма атқан,
Пендеңе рақым қылагөр өзің Жаратқан.