Аманкелди Сатиев - Сен мунайма


Казахские песни
14-05-2021
Слушать
Скачать
Текст песни
Тең келер өзіңе жоқ басқалары.
Бар бақытым өзіңнен басталады.
Мендегі мына жұмыр, нәзік жүрек.
Тек көңілсіз сәттерден жасқанады.

Сен менің шуағымсың, төгілетін.
Сенсіз мұңға жүрегім көмілетін.
Сенің күлкің сыңғырлап тау суындай.
Көңіліме гүл болып егілетін.

Әлемде жоқ сендей мені түсінетін.
Жарығын маған ғана түсіретін.
Саған деген кіршіксіз махаббатым.
Сыймай шіркін барады ішіме тым.

Қызықбас дүниенің боғына да.
Кірмейтін ондайлардың тобына да .
Сен сондай білесің бе жақсы адамсың.
Тоғыма да көнетін жоғыма да.

Сен жайлы жазылады дастан әлі.
Бұзылады қайғының тас қамалы.
Сен мұңайма, себебі мына менің.
Жанымның жанарынан жас тамады.

Сенсіздіктен жүрегім жасқанады.
Жоқ жүректің өзіңнен басқа адамы.
Ғаламның сұлуларын жинаса да,
Бола алмайды өзіңдей басқалары.