Жигер тобы - Суйиктиме


Казахские песни
26-07-2021
Слушать
Скачать
Текст песни
Артық болмас сен арайлы күн десем
Аппақ ай боп көрінесің бірде сен
Мен өзіңе қалғанымда кездеспей
Сұлулықтың не екенін білмес ем

Егер сені мөлдіреген жыр десем
Ең әдемі ұйқасың боп күн кешем
Махаббаттың бар екенін өмірде
Сезбес едім сен жанымда жүрмесең

Егер сені қырдағы әсем гүл десем
Мен көктемнің самалы боп тілдесем
Егерде сен теңіз болсаң тұңғиық
Сол теңіздің толқыны боп үндесем

Егер сені мөлдіреген жыр десем
Ең әдемі ұйқасың боп күн кешем
Махаббаттың бар екенін өмірде
Сезбес едім сен жанымда жүрмесең