Асан Пердешов - Кар кызы


Казахские песни
06-03-2024
Слушать
Скачать
Текст песни
Әні мен сөзі Асан Пердешов

Аппақ қардай ажарың
Көңілімді тербеді
Күлімдеген жанарың
Көз алдымнан кетпеді
Қалықтаған аппақ қар
Мені еріксіз тербеді
Сені алғаш көргенде
Қардың қызы деп едім

Қайырмасы:
Аппақ қарлар арасында
Күлімдейді елесің
Күлімдеген қар қызы
Енді қашан келесің.

Бізді қосқан аппақ қар
Жапалақтап тоқтады
Қосты бізді ақ таңдар
Тағдыр неге қоспады
Алып ұшып көңілім
Аппақ қарды аңсады
Сол ақ қардың ішінде
Көңіл сені жоқтады.

Қайырмасы:
Аппақ қарлар арасында
Күлімдейді елесің
Күлімдеген қар қызы
Енді қашан келесің.