Жандос Каржаубай - Бакытын каншадан


Казахские песни
29-08-2021
Слушать
Скачать
Текст песни
Өмірде кем сүрме артық керек емес
Сағынып жүрсің бе ол сені елемес
Тамшысы тағдырдың тамған жер бетіне
Сол жерде қап қойған тек жалғыз сен емес

Өмірді қиындатпа жақсы жол табылар
Санаңды қиындатпа жан болсаң бағы бар
Армандар алдамайды арбайды тек қана
Бұл өмір сынақ саған сыйыңды қабыл ал

Титықтап тұрғызбаған тағдырға тамсанам
Бақытқа бұрғызбаған қалжырап қалса жан
Көгіне көтермейтін
Қарызың өтелмейтін
Ей өмір бақытың қаншадан?

Кезің жоқ сынамаған жылады қанша адам
Пенделер шыдамаған шаттықты ай аңсаған
Тұсаудай кесілмеген
Шынжыры шешілмеген
Ей өмір бақытың қаншадан

Бақытсыз барлығы бақытсыз тағдыры
Жауғандай аспаннан жүректің жаңбыры
Күдіксіз көздерде үмітсіз арман бар
Сүйер ем әлемді сейілсе жан мұңы

Алданған көңілдер жалғанған қапалы
Жалғанған жолдарда сезімдер жатады
Тағы не сатылған тағы кім ақ ұрған
Бақытың ақ таңы қай кезде атады

Титықтап тұрғызбаған тағдырға тамсанам
Бақытқа бұрғызбаған қалжырап қалса жан
Көгіне көтермейтін
Қарызың өтелмейтін
Ей өмір бақытың қаншадан?

Кезің жоқ сынамаған жылады қанша адам
Пенделер шыдамаған шаттықты ай аңсаған
Тұсаудай кесілмеген
Шынжыры шешілмеген
Ей өмір бақытың қаншадан