Адилет Жаугашар - Жаным


Казахские песни
08-03-2024
Слушать
Скачать
Текст песни
Балауса көктемді сағындым,
Баладай өкпеңді сағындым.
Екеуміз алаңсыз гүл терген сол бір
Ал қызыл бөктерді сағындым.

Ақ қарлы ақпаңды сағындым,
Армандай ақ таңды сағындым.
Есімнен мәңгілік кетпейтін, жаным,
Сол ғажап шақтарды сағындым

Қайырмасы:
Жаным,таң самалым,
Жалғыз сенсің Ансағаным.
Жаным, Жасыл бағым,
Асыл жарым.

Жайдары жазымды сағындым,
Аққу мен қазымды сағындым.
Есімнен мәнгілік кетпейтін, жаным,
Еркелі назыңды сағындым.

Ботадай көзіңді сағындым,
Бойжеткен кезіңді сағындым.
Есімнен шықпайтын мәнгілік сол бір
Нәресте сезімді сағындым.