Куандык Рахым - Казактын улымын


Қазақстан, Отан Елім
13-02-2019, 22:20
Слушать
Скачать
Поделись с друзьями:
Текст песни
Әні: Жарасхан Төлебай
Сөзі: Елжас Әбділда

Ұлтаны болмай ұлтымның
Ұсақталмауға ұмтылдым
Құлы болмаған құлқымның
Пейілі қымбат жұртымның
Мен Қазақтың ұлымын
Шуағын төккен ғаламның
Шұғыласынан жаралдым
Миллиондарға сатылмас
Мейірі қымбат анамның
Мен Қазақтың ұлымын

Елім деп туған ер қымбат
Атадан қалған жер қымбат
Әлемнің қисаң барлығын
Бәрібір туған жер қымбат
Елім деп туған ер қымбат
Атадан қалған жер қымбат
Әлемнің қисаң барлығын
Бәрібір туған жер қымбат

Жұлдызың жисан ғаламның
Жұпары қымбат даламның
Найза боп өзім кетермін
Намысы үшін бабамның
Мен Қазақтың ұлымын
Құндылығымның нәрімен
Ауылым қымбат жаныммен
Байлығы тұрса басқалар
Бауырым қымбат бәрінен
Мен Қазақтың ұлымын

Елім деп туған ер қымбат
Атадан қалған жер қымбат
Әлемнің қисаң барлығын
Бәрібір туған жер қымбат
Елім деп туған ер қымбат
Атадан қалған жер қымбат
Әлемнің қисаң барлығын
Бәрібір туған жер қымбат

Елім деп туған ер қымбат
Атадан қалған жер қымбат
Әлемнің қисаң барлығын
Бәрібір туған жер қымбат
Елім деп туған ер қымбат
Атадан қалған жер қымбат
Әлемнің қисаң барлығын
Бәрібір туған жер қымбат
Мен Қазақтың ұлымын
Мен Қазақтың ұлымын