Гадилбек Жанай - Мен оны ойласам


Казахские песни
26-09-2021
Слушать
Скачать
Текст песни
Сол күндер қайда қалды
Түн жапты айналаны
Ұмыта алдың ба деп
Төбемнен ай қадалды

Неге кірді түсіме келмейтін болса
Санадан сұрақ тергейтін қанша
Айтып берер еді ғой бәрін жұлдыздар
Сөйлейтін болса

[Қайырмасы]
Мен оны ойласам мұңға батамын
Жанардан бір тамшы сырғанатамын
Үнсіздік салатын сағыныш әнін
Тыңдап жатамын
Мен оны ойласам көп қайғы батып
Тереземді келіп қақпайды бақыт
Мен оны ойласам жердің бетінде
Тоқтайды уақыт


Сырласып өлеңменен
Сезімге бөлінген ем
Ол маған сүйем деген
Мен оған сенем деген

Неге кірді түсіме келмейтін болса
Санада сұрақ тергейтін қанша
Айтып берер еді ғой бәрін жұлдыздар
Сөйлейтін болса

[Қайырмасы]
Мен оны ойласам мұңға батамын
Жанардан бір тамшы сырғанатамын
Үнсіздік салатын сағыныш әнін
Тыңдап жатамын
Мен оны ойласам көп қайғы батып
Тереземді келіп қақпайды бақыт
Мен оны ойласам жердің бетінде
Тоқтайды уақыт