Мирас Жугунусов - Мама


Казахские песни
28-03-2022
Слушать
Скачать
Текст песни
Балалық барлық шалалығымды көтерген
Қателікпенен тентектігімді кешірген
Әрдайым менің желеп жебейтін қорғаушым
Маған ең қымбатсың менің жалғыз анашым
Жүрегіңе сиған таусылмайтын мейірім
Мейірімнен өмірлік күш алып жүретін
Қабағыңнан мүлде сыр бермейсің жадырап
Шаршасаңда жасырасың сезем, білемін

Уәде беремін,мама
Уайымдатпаймын
Бар үмітіңді енді ақтаймын
Жақсы көремін,мама
Алаңдатпаймын
Жылулығыңды жаныма сақтаймын
Ең асыл ана

Көше кезіп бұзық болған талай кездерім
Тіліңді алмай жаңға қаяу салған сөздерім
Балалықпен болды оның бәрі анашым
Кешірші қазір бәрін түсіндім,өзгердім
Куәгеріңмін мен күлкісіз күндеріңнің
Себепшісімін мен ұйқысыз түндеріңнің
Қабағыңнан мүлде сыр бермейсің жадырап
Шаршасаңда жасырасың сезем, білемін

Уәде беремін,мама
Уайымдатпаймын
Бар үмітіңді енді ақтаймын
Жақсы көремін,мама
Алаңдатпаймын
Жылулығыңды жаныма сақтаймын
Ең асыл ана