Торегали Тореали, Куандык Рахым, Абдижаппар Алкожа, Ернар Айдар, Нурболат Абдуллин (Nurbullin), Кайрат Нуртас, Еркин Нуржанов - Алаканымнан ушкан аккуым


Казахские песни
10-11-2022, 21:59
Слушать
Скачать
Поделись с друзьями:
Текст песни
Әні: М. Бабақұлов
Сөзі: И. Сапарбай

Алақанымнан ұшқан аққуым,
Барасың ұзап шалғайға,
Қанатың, қалқам, талмай ма?
Жаныңа медет болғай да
Жазылған тағдыр маңдайға.
Қанатың, қалқам, талмай ма?
Жазылған тағдыр маңдайға.

Желкiлдеп өскен құрағым,
Еркiндеу өскен, шырағым.
Əкеңнiң бар ма арманы,
Табылса теңiң, сыңарың.
Əкеңнiң бар ма арманы,
Табылса теңiң, сыңарың.

Қарлығаш қанат, қарағым,
Қайырлы болсын қадамың.
Өзiңсiң ендi елшiсi
Енжайлау – екi араның.
Өзiңсiң ендi елшiсi
Енжайлау – екi араның.

Алақанымнан ұшқан ақ құсым,
Бiр үйге сен де бақпысың…
Алыстап бара жатқаның
Арқама менiң батты шын.
Алыстап бара жатқаның
Арқама менiң батты шын.

Ағайын, туыс, үй, ана,
Жақынын жатқа қия ма
Ақ ордаң, алтын бесiгiң
Келiп тұр ұшқан ұяңа.
Ақ ордаң, алтын бесiгiң
Келiп тұр ұшқан ұяңа.

Жақсыда жаттық болар ма,
Жаманға көңілiң толар ма.
Жұбыңмен келiп тұрғайсың,
Жалғыздан-жалғыз оралма.
Жұбыңмен келiп тұрғайсың,
Жалғыздан-жалғыз оралма.

Қош аман, қызым, қош аман,
Көңiлiмдi қайтем босаған.
Алдыңнан ашсын бағыңды,
Аттаған жаңа босағаң.
Алдыңнан ашсын бағыңды,
Аттаған жаңа босағаң.