Куандык Рахым - Журегим муздама

Казахские песни
18-11-2022
Слушать
Скачать
Текст песни
Жүргенде тыс қалған адамдай жаратқанның назарына
Дəмін де татпаған жандардай шын бақыттың базарына
Тұрғандай торығып бұл жүрек бақытсыздық азабынан
Бейнеңе жолықтым жəннаттың суыменен тазарылған

Жүрегім жылама, сыздама, мұздама, тағдыр қосар бəлкім
Өмірде шынымен бақытты болуға хақылы ғой əркім
Азапқа тағы да кеуденің зарына төзер ме екен жүрек?
Ғажаптың барына мендегі дəл мына сенер ме екен жүрек?

Мұңайма бес күндік жалғанда, жарығым-ау, мұңаймашы
Мені де көрмеп еді ешқашан сезім мұңы бұлай басып
Ұсыншы, өмір-ау, тағы да жолығудың бір айласың
Болмаса, тек енді қылмашы мені ешқашан бұлай ғашық