Индира Елемес - Кумармыз


Казахские песни
30-11-2022
Слушать
Скачать
Текст песни
Қаралауға құмармыз,
Табалауға құмармыз.
Кінәсі жоқ жанды да,
Жаралауға құмармыз.

Өсектеуге құмармыз,
Кесектеуге құмармыз.
Біреулердің жиғанын,
Есептеуге құмармыз.

Айтшы неге құмармыз?
Қашан бәрін ұғармыз…
Жыртқыш дейміз қасқырды,
Одан да өткен шығармыз?!

Айтшы неге құмармыз?
Қылмағанды қылармыз.
Анамыздан бірақта,
Пәк күйінде туармыз…

Құлатуға құмармыз,
Жылатуға құмармыз.
Жылап болған көзді де,
Жұбатуға құмармыз!

Айтшы неге құмармыз?
Қашан бәрін ұғармыз…
Жыртқыш дейміз қасқырды,
Одан да өткен шығармыз?!

Айтшы неге құмармыз?
Қылмағанды қылармыз.
Анамыздан бірақта,
Пәк күйінде туармыз…