Каракат Абилдина - Ару гумыр


Казахские песни
28-11-2022, 02:34
Слушать
Скачать
Поделись с друзьями:
Текст песни
Б. Бәбіжан/Н. Бердәлі

Адалдығы болмаса аңсатар ма,
Ару-деген – әдемі, әрқашанда,
Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт.
Әр таң оған ерекше күліп келген,
Әр көктемнен ерекше үміттенген,
Зулайтының осылай біліп пе ем мен, уақыт.

Кеше ғана бәйшешек гүлдей едім,
Күнге қарап көктемде күлген едім,
Бүгін мүлдем өзгеше күйге енемін, шіркін!
Жайқалады гүлзары көңілімнің,
Мен қазақтың қызымын, келінімін,
Мен елімнің ертеңгі сенімімін, мүмкін!

Жаңаша боп туады жанған күнім
Аспанында арманның самғап жүрмін
Ақ некелі жарыма арнаулымын мәңгі
Жарық қылам жер бетің нұр-сәулемен
Қырық шұрақтан құралған құрсау денем
Бесігімді тербетем шырқауменен әнді

Мен – әйелмін, әлемнің анасымын,
Үміт жеңген кей кезде жан ашуын,
Күлкісі – күн, тәңі – нұр, санасы – мұң, менмін.
Нәзікпін мен, сол үшін айыптымын,
Ғажап түске боядым ғайып түнің,
Не десең де бақытқа лайықтымын, сенгің