Каракат Абилдина - Тойга тилек


Казахские песни
28-11-2022
Слушать
Скачать
Текст песни
Киесі де, иесі де мынау дархан даланың –
Сендерсіңдер, күйің шертіп, айт өлеңің, сал әнің.
Дүниенің шымылдығын ән сап тұрып ашатын,
Мұндай халық жоқ әлемде шуақтан нұр шашатын.

Даласы – анау, данасы – анау ошақ көрген, от көрген,
Тәй-тәй басса, қырдан асса той-думан ғып өткерген.
Бөліп жеген бір үзім нан, көжесің де бөле ішкен,
Қызығын да, қайғысың да ән-күйменен бөліскен.

Көкжиектен күн асса,
Қызғалдағың гүл ашса.
Айналайын ағайын тойың тойға ұлассың.

Мақтанатын, марқаятын азаматтар бар талай,
Кеңейсіңші, көбейсіңші тойларымыз тарқамай.
Жан жүрегі мөлдір жанның көрген бәрін досындай,
Ақ бұлағы ақтарылған біздің халық осындай.

Көкжиектен күн асса,
Қызғалдағың гүл ашса.
Айналайын ағайын тойың тойға ұлассың.