Ернар Айдар - Бекер сагындык


Казахские песни
04-12-2022
Слушать
Скачать
Текст песни
Сәттерді талай,
Қақ бөлді қалай
Мына уақыт кектеніп?!
Ай менен Күндей
Екеуіміз бірдей
Сағынбаймыз деп пе едік?!
Өмірде неге?
Сезім толы жүректер тозбайды,
Көңіл неме де
Ұмытылған кездерді қозғайды…

Айдан да, күннен де жаңылдым
Неткен ауыр мұң
Мен де сағындым,
Сен де сағындың!
Хабарсыз, алаңсыз кеткенде,
Соғып өткенге,
Неге сағындың?
Неге сағындым?

Жыл өтті қанша,
Жүректі сонша,
Тағдыр кетті тілгілеп.
Сағынбаймын деп,
Жалынбаймын деп,
Жетім қалды бұл жүрек.
Іздедің сен де,
Келдің тым көп араға жыл салып,
Іздедім мен де,
Адам әлсіз болар ма мұншалық!

Айдан да, күннен де жаңылдым
Неткен ауыр мұң
Мен де сағындым,
Сен де сағындың!
Хабарсыз, алаңсыз кеткенде,
Соғып өткенге,
Неге сағындың?
Неге сағындым?