Куандык Рахым - Бул биздин жер


Казахские песни
14-12-2022
Слушать
Скачать
Текст песни
Тарих айтар түртіп қалсаң тасын да
Асулардан қанат қаққан асуға
Менің елім, мұрагері – Сақ пен Ғұн,
Аңыз болған ғасырлардан ғасырға-ай

Бабаларым болашақты ойлаған
Балалары ат үстінде ойнаған
Менің жерім – шекарасы ерліктің,
Ақ найзаның ұшыменен қорғаған

Бұл – біздің жер! Тәуелсізбін, азатпын
Бұл – біздің жер! Төккен нұрын ғажап күн
Шығыс-батыс, оңтүстік пен солтүстік
Теңдесі жоқ бар байлығы қазақтың!

Бұл – біздің жер! Тамыр жайған тереңге
Жұмақ мекен, қайсар мінез өрелге
Мың өлдік те, мың тірілдік қайтадан
Рухы мықты қандай ел бар әлемде-еу?!

Тәнім мұран-жырым нөсер жауындай
Алға қадам басып жүрміз жаңылмай
Менің тілім – тілі ұлы Абайдың,
Адамзаттың бәрін сүйген бауырдай

Аламанда арғымағым бабында
Алаш ұлы көш бастайтын жағында
Менің ұлтым – тектіліктің символы
Бас иетін қасиетті қанында-ай

Бұл – біздің жер! Тәуелсізбін, азатпын
Бұл – біздің жер! Төккен нұрын ғажап күн
Шығыс-батыс, оңтүстік пен солтүстік
Теңдесі жоқ бар байлығы қазақтың!

Бұл – біздің жер! Тамыр жайған тереңге
Жұмақ мекен, қайсар мінез өрелге
Мың өлдік те, мың тірілдік қайтадан
Рухы мықты қандай ел бар әлемде-еу?!

Көк түріктің ұрпағымыз айбарлы
Көк бөрінің намысы бар қайраулы
Көк туымыз көкпенен тұр таласып
Көптің үйі ақиқатқа айналды-еу

Қаратаудың биігінде асқағын
Қаратауға қарашы бір қас-қағым
Біздің дала, біздің қала, біздің жер,
Біздің уақыт келді, замандастарым!

Бұл – біздің жер! Тәуелсізбін, азатпын
Бұл – біздің жер! Төккен нұрын ғажап күн
Шығыс-батыс, оңтүстік пен солтүстік
Теңдесі жоқ бар байлығы қазақтың!

Бұл – біздің жер! Тамыр жайған тереңге
Жұмақ мекен, қайсар мінез өрелге
Мың өлдік те, мың тірілдік қайтадан
Рухы мықты қандай ел бар әлемде-еу?!