Куандык Рахым - Уйыктамашы


Казахские песни
09-01-2023, 00:32
Слушать
Скачать
Поделись с друзьями:
Текст песни
Мені қалай қиып барасың?
Қос жанарың ұйықтағасын,
Бәлкім түсің арбайды сені,
Басқа жанды сүйіп қаласың.

Алаңдаймын түніңе сенің,
Жолын таппай жұмыр көшенің,
Жанарынды жұмбашы, күнім,
Көздеріңде ғұмыр кешемін.

Қайырмасы:
Ұйықтамашы, ұйықтамашы
Бүгін, жарығым
Сөндірмейік сезім жарығын,
Түстеріне кірейікші біз
Ұйықтағандардың бәрінің.

Түсім қашан баққа айналады?
Түнім тілін қатпай барады,
Ұйықтасаң, қараңғы дала,
Екеумізді таппай қалады.