Абдижаппар Алкожа - Жамила


Казахские песни
14-02-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Биыл тағы сирень гүлдеді,
Жұпар аңқып жұмыр көшелер…
Бізді тағдыр үйлендірмеді,
Өзге бақта ғұмыр кеше бер…

Сен де менің сиренім едің, о, Джәми,
Жүрегімде гүлдеп тұратын, ой,
Джәми!
Бағбаның боп үйреніп едім,
Үмітіңді үрлеп тұратын.
Қайырмасы:

Жалын, от боп жанған жанымыз, о, Джәми,
Жан едік қой жалғандағы біз, о, Джәми,
Күлге айналып кетті қалайша, о, Джәми,
Күлгін түсті армандарымыз???!

2.Келер жыл да сирень гүлдейді…
Сен гүлдейсің басқа жүректе.
Бізді тағдыр үйлендірмейді,
Қайғы салып қасқа жүрекке!

Саған бақыт тілей алмадым, о, Джәми,
Басқа жанға қиямын қалай, ой, Джәми?!
Сенсіз тыныш түней алмадым,
Есімді енді жиямын қалай?!