Улангасыр Ками - Лала гул


Казахские песни
16.02.2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Әні Амакелді Көшербаев
Сөзі Мирас Асан

Лала гүлім

Гүл теріп баққа барған,
Сол тәтті шақтар арман,
Гүлімсің Лала менің,
Жырымсың жаттап алған.
Таң едің жарық нұрлы,
Ататын әппақ алдан...

Қоштастық Лала гүлім,
Қайдасың дара Күнім.
Қаратпай қоймаушы еді,
Қалам қас, қара бұрым.
Жеткізе алмадым ғой,
Жүректің саған үнін.

Қайырмасы:
Бір көріп ұнатқан қыз,
Ұмытам сені қалай?
Жауапсыз сұрақтармыз,
Таба алмас жолын оңай,
Өтпейміз сынақтан біз,
Өйткені тағдыр солай?

Махаббат – мәңгі көктем,
Шашатын жаның арай,
Құстардай самғай кеткен,
Хаттар жоқ саған қарай.
Басыма қонбай кеткен, 
Бақытым, қалың қалай?

Махаббат – мәңгі майдан,
Ататын таңсың айнам,
Өшпейтін жүрегімнен
Кетпейтін жансың ойдан.
Деп едім жаным Еркем
Баяным, болшы Ләйләм.

Қол жетпес болдың арман,
Сезімдер енді жалған.
Өтеді жүрек қалай,
Өткелсіз жолды қалған?
Сезімді қорғамадық,
Бүршігін енді жарған.