Улангасыр Ками - Жайлау


Казахские песни
16-02-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Әні Амакелді Көшербаев
Сөзі Мирас Асан

Жайлау

Даланың иісін аңсап,
Қаладан келгенде шаршап,
Сағынып өзіңе барсақ,
Жайлау.

Шуылдап балалар көп майда,
Мінгесіп жабағы мен тайға,
Бүлдірген теретін біз сайда,
Жайлау,

Қайырмасы:
Шырқа, шырқа, шырқа,
Сандуғаш сайра,
Қызғалдақ жайна,
Жайлау.

Шырқа, шырқа, шырқа,
Сезімге бойлау,
Сағынтып қойды-ау,
Жайлау.

Бал қымыз күш беріп бойға,
Балауса ару қыз ойда,
Қой бағып жататын сайда,
Жайлау.

Аман бол атамекен қойнау,
Ыстық жер өзіңдей шын қайда-ау,
Мүмкін бе, саған құшақ жаймау,

Жайлау.