Ернар Айдар - Ен дурыс шешимим болшы


Казахские песни
05-03-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Қателескен кезім көп,
Таудай шығар талғамым.
Өзгелерге сезім жоқ,
Өз өзімді алдадым.

Айтар саған сөзім тек,
Сені жаным таңдадым.
Қалшы бағым өзің боп,
Менің жалғыз арманым.

Өмірдегі ең дұрыс шешімім болшы,
Көңілімнен өшпейтін есімім болшы.
Маңдайыма жазылған тағдырым болшы,
Таңдайымнан төгілген ән жырым болшы. (2х)

Сенбе мейлі сен мейлі,
Жүрек сырын қозғашы.
Сезім оты сөнбейді,
Өзің бірақ қорғашы.

Сүйген жүрек көнбейді,
Сүйсең мені қолдашы.
Қателескім келмейді,
Қателігім болмашы.

Өмірдегі ең дұрыс шешімім болшы,
Көңілімнен өшпейтін есімім болшы.
Маңдайыма жазылған тағдырым болшы,
Таңдайымнан төгілген ән жырым болшы. (2х)

Шешімім болшы
Өмірдегі ең дұрыс, ең дұрыс
Өмірдегі ең дұрыс, ең дұрыс
Шешімім болшы