Газизхан Шекербеков - Улыма акыл


Казахские песни
21-04-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Не деп ақыл айтайын ұлым саған
Жетпей отыр ақылым бүгін соған
Адалдықтың құлатпа ақ жалауын
Сол үшін де берілген ғұмыр саған

Сен сүрініп кеткенде тік тұрамын
Шыр пыр болып шырылдап шықты жаным
Дос таңдамай бәрімен сыйласа бер
Бірақ жаудың таңдап ал мықтырағын

Жаным балам тас лақтырма тағдырға
Жарқырап жүр көңілімді қалдырма
Төр сенікі төмендеуге хақың жоқ
Ел тұрғанда артыңда мен тұрғанда алдыңда

Бөрі етектен алғанда жау жағадан
Талайлар арын сатып саудалаған
Қапыда табысыңда жоғалтсаңда,
Намысыңды жоғалтып алма балам

Жолдан іздеп жолықтыр азығыңды
Сен көрсетші әкеңнен озып үлгі
Жарты әлемнің тізгінін ұстасаңда
Туған жерге қағарсың қазығыңды