Казыбек Курайыш - Ана


Казахские песни
27-04-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Аязда тоңып мен үшін,
Аямай нәзік терісін,
Жасадың кейде ер ісін,
Ана, Ана

Күн менен ерте жарысып,
Отымен ошақ алысып,
Келдің-ау үйдің қамы үшін,
Ана, Ана

Қ-масы
Досым-ау шыныменен
Білсең ғой жылу деген,
Ананың жанары ғой күлімдеген
Жүрегі алаңдаған
Осындай менің анам
Өзіңсіз мынау маған мәнсіз ғалам

Білемін кейде қажыдың
Менің де болар жазығым
Жүзіңе түскен әжімің
Ана, Ана
Болмайды-ау сірә дегенің,
Жаныңда жүрсем деп едім
Алыстан аңсап келемін саған,
Ана.

Қ-масы
Досым-ау шыныменен
Білсең ғой жылу деген,
Ананың жанары ғой күлімдеген
Жүрегі алаңдаған
Осындай менің анам
Өзіңсіз мынау маған мәнсіз ғалам

Ер жетті міне балаң
Саған енді тіреу болам
Маған керегі көздерің ғой жымыңдаған
Аяулы менің анам

Жүрегі алаңдаған
Осындай менің анам
Өзіңсіз мынау маған мәнсіз ғалам