Кыздархан Еркинкызы - Махаббаттын кагидасы


Казахские песни
28-04-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Махаббаттың қағидасы қалай қалай
Қанша жүрек жараланды талай талай
Ескертусіз келер екен ыстық сезім
Ескертпестен кетеді екен қолын бұлғай

Ән арқылы жеткіземін жүрек мұңын
Сағыныштан жыламайтын жүрек бұрын
Бұл әнімде саған бір күн жетіп қалар
Жылап тұрып бақыт тілейм саған бүгін

Қ/сы

Өміріме қайта келіп ораласың ба
Жүрегімнің жарасын сен жаза аласың ба
Махаббаттың қағидасы осы екен деп
Өткен күнді сағынышпен еске аласың ба

Сөнген оттың шоғын үрлеп жаға аласыңба
Кеткен жолды қайта кері таба аласыңба
Махаббаттың қағидасы осы екен деп
Тәтті түс боп таң атқанда жоғаласың ба

Өткен күннің естелігін қимай қимай
Өз-өзіме кетем кейде мүлде сыймай
Күңіреніп көк аспанда күркіреп тұр
Қосылып тең жылағандай жасын тыймай

Дейміз жанға осындайда емші уақыт
Білем басқа оңай келіп қонбас бақыт
Бірі тұрса анық берген адал сертте
Бірі жолда кетер таңдап басқа бағыт