Индира Елемес - Махаббат арман


Казахские песни
22-05-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Сеніменен талай бардым өткелге,
Аппақ гүлдер бүрін жарған көктемде.
Көз алдымнан кетер сол бейнең,
Балалық кез бізден ұзап кеткен бе?

Сені іздейді әлі күнге жат-жаным,
Сағынышты тек өзіңе сақтадым
Сол кездері мен өзіңе ғашық боп,
Саған арнап алғашқы рет хат жаздым.

Қайырмасы:
Махаббат арман, дүние жалған,
Ойласам өзіңді сағынам, сағынам,
Махаббат арман, дүние жалған,
Ойласам өзіңді сағынам

Бала көңіл алдамшы ғой демедім,
Аз болмайды саған жазған өлеңім
Өтсе – дағы арамызда қанша жыл,
Әлі күнге өзіңді іздеп келемін

Қайырмасы:
Махаббат арман, дүние жалған,
Ойласам өзіңді сағынам, сағынам,
Махаббат арман, дүние жалған,
Ойласам өзіңді сағынам