Erkhann - Уакытын


Казахские песни
17-06-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Шындыққа емес өтірікке сенеміз
Айтшы кімнің артынан біз ереміз
Қандай оймен жасағанын білмеймін
Жақсылықты жариялап береміз

Қатар жүрер бұл өмірде ақ пен қара
Болар әркез жолыңызда бақ пен нала
Сатып алар ақшаменен барлығында
Алалмайды уақытты ешкім сатып ала

Уақытың
Өтіп кетер жас шағың
Бақытын
Көре алмай басқаның
Өз өмірің өз қолыңда тұрғанда
Қайтесің сен өмірін басқаның?

Дем алмай күндіз түні тыным таппай
Еңбек етіп кетті уақыт құры жатпай.
Жүрген жерің жақсылықпен болмады
Көгіңнен, көк түтінсіз таңың атпай!

Қателестің тура жолда болмадың
Білмедің сен уақытыңды ұрладың
Күндіз еңбек түнде ұйқың қайда қалды
Тапсырасың бір Аллаға қалғанын

Өзгердің қайда қалды құлшылық
Тірлігің жоқ жасап жатқан құлшынып
Өтіп жатқан уақытың мен өмірің
Жүрген жерің берекесіз бұл шындық

Жаратқаным жақсылықпен сынаған
Басайық жақсылыққа бір қадам
Уақытын алып жатсам өзгенің
Өшіре гөр кешіре гөр бір Аллам