Айдын Жумахан - Суйем сени


Казахские песни
10-09-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Жаулап алдың жанымды жараладың
Сені іздеумен бақтарды араладым
Жолықтырдым сыңарлы бір аруды
Сүйе тұра, жаныңа баралмадым
Тыныштық бер, өтінем жүрегіме,
Мендей саған біреу бақ тіледіме?
Сүйгенді сүйе білу қиынбекен?
Құлақ салшы жарқыным тілегіме.

Кайырмасы:
Сүйем сені басқаны таңдамашы,
Жүрегімді өтінем алдамашы.
Сүйем сені, оралар деп жүз қарадым,
Мен сені өзгелерден қызғанамын.
Сүйем сені, сүюге жаралғанмын,
Қаншама рет жанымды жараладың?!
Маған бақ боп бұйырмасын біле тұра,
Басқа жанға кеткеніңді қаламадым!

Кейде мен таң қалам
Өткенімді ойға алам
Маған берген сезімін
Басқаларда болмаған
Естеліктер жинаған
Махаббат гүлі әлі солмаған
Өткен күндердің бәрін ұмытам
Бүгін ән қылам тек ән қылам

Кайырмасы:
Сүйем сені басқаны таңдамашы,
Жүрегімді өтінем алдамашы.
Сүйем сені, оралар деп жүз қарадым,
Мен сені өзгелерден қызғанамын.
Сүйем сені, сүюге жаралғанмын,
Қаншама рет жанымды жараладың?!
Маған бақ боп бұйырмасын біле тұра,
Басқа жанға кеткеніңді қаламадым!