Кайрат Нуртас - Ак келин


Казахские песни
18-09-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Келін түсті, салты ғой бұрынғының,
Біздің үйге бірі енді бұрымдының.
Ақ ниетпен аттаған босағасын,
Ағарып тұр әнекей шымылдығың.
Ақ ниетпен аттаған босағасын,
Ағарып тұр әнекей шымылдығың.
Ақ бауырсақ шашу боп шашылғанда,
Қызыл шәлі жүзіңді жасырғанда.
Қандай ғана сезімде болдың екен,
Ақ шымылдық алдыңнан ашылғанда.
Қандай ғана сезімде болдың екен,
Ақ шымылдық алдыңнан ашылғанда.

Жайнап жүрсең қып-қызыл кілемдейсің,
Масатыдай құлпырып күлімдейсің.
Қарияға сәлем сал, көңілі қалар,
Қариялар қашаңғы жүрер дейсің.
Қарияға сәлем сал, көңілі қалар,
Қариялар қашанғы жүрер дейсің.

Алдыменен өзіңді енең сынар,
Емендей боп бұл сынға, ене шыдар.
Жас келінге қаттырақ қарағаны,
Ширатып бір алайын деген шығар.
Жас келінге қаттырақ қарағаны,
Ширатып бір алайын деген шығар.

Атасын да осы елдің, анасын да,
Сыйлай білгің, ажыратып жатасың ба?
Қолдан келсе үлкеннен бата алайық,
Ықыласы үлкеннің батасында.
Қолдан келсе үлкеннен бата алайық,
Ықыласы үлкеннің батасында.
Ықыласы үлкеннің батасында.