Улангасыр Ками, Индира Елемес - Ызгар


Казахские песни
30-09-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Біз жандармыз алыстаған,
Біз жолдармыз тоғыспаған,
Қос жүрекпіз табыспаған,
Жағада.

Сендей ешкім бола алмайды,
Бізді арман көп алдайды,
Бір бақыт құс екі адамға,
қона ма?

Қайырмасы:
Артымда өткен күннің ызғары,
Сағындым сені жүрек мұздады,
Өкініш өртеп, жаным сыздады,
Сыздады.

Артыңда өткен күннің ызғары,
Сағынған жүрек сары күз бағы.
Келер ме қайтып бақыт бізге әлі.
Бізге әлі.

Сенсіз ішкен шырын дәмсіз,
Сенсіз өткен ғұмыр мәнсіз,
Сені сүйсем түгел сүйем
Әлемді.

Сенсің менің жұтар демім,
Иісіңді Жұпар дедім.
Бір тағдырға екі жүрек
тәуелді.