Асылжан Абдулла - Козимнин нуры


Казахские песни
10-10-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Әні: Шоқан Уәлихан
Сөзі: Ақжол Уатхан

Күлкіңмен нәзік аймалайсың,
Жаныммен егіз айнадайсың.
Сапарға кетсем мені ойлап,
Алаңдайсың алаңдайсың.

Бағым деп мені бағалайсың,
Еркелеп кейде баладайсың.
Барымды берем жаным айтшы,
Не қалайсың не қалайсың.

Қ-сы
Көзімнің көзімнің нұрысың,
Алланың маған берген сыйлығысың.
Көзімнің көзімнің нұрысың,
Алланың маған берген сыйысың.

Жанымның тәтті әлегісің,
Өкпелесеңде әдемісің.
Сүйетінімді сені қатты,
Білемісің білемісің.

Сырымды айтпай түсінесің,
Сүрініп қалсам күрсінесің.
Білемін жаным сенде мені
Шын сүйесің шын сүйесің.