Али Ахмет - Аманатым


Казахские песни
12-10-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Сенің сұлу жанарыңа
Көзімді алмай қарадым да
Қалдым қадалып сенің қарауыңа,
Саған қарай басып қадамды
Өмірімдегі басты адамым
Құдайым қосқан аманатым бол (бол)

Сені жарығым
Мен үшін жаратқан Тәңірім
Қараңғы әлеміме менің
Түсірсін деп жарығын

Басыма жазылған тағдырым
Жауса да нөсерім, жаңбырым
Жанымда бол алтыным
Қалғанын көре береміз ақырын

Артымыздан ерген қыбыр сыбырға
Шыдай білейік қайғы мұңына
Жұрт не демеді, айта береді
Міндетті емеспіз ұнауға

Міндетті емеспіз ұнауға
Ұнасақ болды біз Құдайға

Сенің сұлу жанарыңа
Көзімді алмай қарадым да
Қалдым қадалып, сенің қарауыңа
Саған қарай басып қадамды
Өмірімдегі басты адамым
Құдайым қосқан аманатым бол (бол)

Қымбаттым, биязы мінезіңді ұнаттым
Көздеріңмен жүрегіме үн қаттың
Мен саған тіл қаттым
Сенсің ұғатын

Жылаттым да, жұбаттым
Жақсы көрем бірақ тым
Қызғанамын өзгеден
Себебі қымбатсың

Сен маған қымбатсың

Сұлулығыңа болдым мас
Әкеттің басты қарындас
Адамым бол, адалым бол
Сені таңдап жаңылмаспын