Улангасыр Ками, Торегали Тореали - Омир солай


Казахские песни
14-11-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Өмірдің мәні неде,
Сұ-радың ба тағдырдан?
Сезімнің мәні неде?
Жү-ректе от қалдырған?
Байлыққа құмартамыз,
Бос әуреге салдырған.
Жүрекке жүк артамыз,
Ең соңында жан құрбан!

Өмір солай,
Біреуге бақ берілген,
Өмір солай,
Жоқ еш нәрсе тегіннен,
Өмір солай,
Мақсатың тек жеңілмеу,
Өмір солай,
Жол іздеме жеңілдеу!

Бақыттың кілті неде,
Же-телейтін арманға?
Уақыттың кілті неге,
Жетпейді көп жандарға?
Биікке, махаббатқа,
Қол созамыз заңғарға,
Ізгілік, шапағатқа,
Мына бес күн жалғанда.

Иә, иә, өмір солай,
Бақ емес ақша, алтын сарай,
Өтеді бастан небір сынақ,
Қалады жаннан көңіл талай.
Өмір солай,
Өмір зулай,
Өтеді бастан заман талай,
Айтылар сөз көп саған қарсы,
Атылар оқ көп саған қарай.
Өмір солай.