Periishte - Тогыз


Казахские песни
04-12-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Сүю ғана арманым маңдайыңнан сәбиім көріспеген,
Қоюланады қаным да сезгем іштегі тәніңді періштем мен.
Екі ай бойы арпалыс күнәмді мен арқалай
Айқайлай,
Ұқсайтындай суретте әкеңе не анаңа.

Қалайша?

Қайырма:
Ол сені көкке жұлдызға қайтарады жүректе сақтай,
Сәби өмірге келместен алғаш айтқан сөзі жан айқай - “Қош бол, ана!”

Bridge:
Әлди әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.

RAP:
Мұнда әлі қараңғы, өсетін орным бар әлі,
Анашым, жылулығың қаныңменен тарады.
Аке, сізге де сәлем, қуанған боларсыз?
Жеті айдан кейін тұңғыш ұлыңыз туылады.
Менің арманым - мен де есейіп болашақта ғарышкер боламын деймін,
Алпамыс батыр ертегілерін қашан естимін?
Менде де талант бар керемет дарыған сіздерден,
Әдемі сурет салғанымды көргілерің келе ме?
Бірақ неге кіндік анамның қолында пышақ бар?
Жазалаушы бетпердесін киген кім сұрақ бар!
Тұншығып кетсем де дем алмай оянбай,
Анашым, әкешім, сүйемін, сіздерді қинамаймын.

Қайырма:
Ол сені көкке жұлдызға қайтарады жүректе сақтай,
Сәби өмірге келместен алғаш айтқан сөзі жан айқай - “Қош бол, ана!”