Axallek - Суйикти етши


Казахские песни
14-12-2023
Слушать
Скачать
Текст песни
Аңсаған аппақ арманым,
Орманым менің бол, жаным.
Өзіңе мені әкелер
Әлемнің барлық жолдары.

Көктем құлпырса керемет
Жанымды нұрға бөлемек.
Өзіңе мені шақырар,
Алдымнан ұшқан көбелек

Қ/сы:
Көгімді менің биіктетші,
Кеудеден кетсін күйік-мұң.
Мына әлемді сүйікті етші,
Сүйікті етші, сүйікті етші, сүйіктім.

Күз келсе қалқып таза мұң,
Көремін бояу ғажабын.
Сезгенімді жапырақтарға
Хат қылып тағы жазамын.

Менде ештеңе жоқ,бәрі сенікі
Соны ұмытып,көңіліме көлеңке,түсіріп алдым
Қате басын аяқтарымды,
Қайран басым қаяқта қалмадың,қаяқта қалдың
Басым домалады,сағат тілімен бірге
жермен бірге.
Жер шары домалады тағы да,
Тағы бір таңды қабылда.

О құдірет,
Күнді түн,түнді күн қыласың.
Мен теріс қараймын, сен бұрыласың,
Қанғыған қайран басым, адасып құбыласынан.

Қ/сы:
Көгімді менің биіктетші,
Кеудеден кетсін күйік-мұң.
Мына әлемді сүйікті етші,
Сүйікті етші, сүйікті етші, сүйіктім.